BONAMED

Косметологияға арналған CRM

Косметология бір реттік қабылдаумен емес, курспен жұмыс істейді: лазерлік эпиляция — 6–8 сеанс, пилингтер — 4–6, ботулинотерапия — 4–6 ай сайын қайталау. Курс жүйелі жүргізілмесе, клиент екінші сеанстан кейін жоғалады.

BONAMED жүйесінде клиенттің карточкасынан қандай курс сатып алынғаны, қанша сеанс қалғаны, келесі сеанс қашан керегі, қанша препарат шығындалғаны және дейін/кейін фотолары көрінеді. Әкімші мұны жадында ұстамайды және қосымша кесте жүргізбейді.

Косметологиялық клиникаға арналған мүмкіндіктер

Жүйе қандай мәселені шешеді

Кейс: косметология препараттар есебі мен курс сатылымын қалай бақылауға алды

Мәселе. Шығын материалдары шамамен есептен шығарылды, қоймадағы қалдық сәйкес келмеді. Клиенттер бірінші процедурадан кейін келесі сеансқа жазылуды ұмытатын.

Шешім. Қызметке байланған препарат есебі және әр процедураға бейімделген WhatsApp еске салу тізбегі енгізілді.

Нәтиже. Курс аясындағы қайталама процедуралар сатылымы 38%-ға өсті, қоймадағы алшақтық жойылды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Процедура курстары мен абонементтерді жүргізуге бола ма?

Иә. Пакет сеанс саны мен жарамдылық мерзімі көрсетіліп құрылады, әр визитте сеанс есептен шығарылады.

Ботокс пен филлерлер қалай есептеледі?

Препарат қызметке шығын көлемімен байланады және қызмет көрсетілгенде қоймадан автоматты есептен шығарылады.

Дейін/кейін фотолары қайда сақталады?

Клиент карточкасында, рөлдер бойынша қол жеткізу шектеуімен. Фотолар қызметкердің жеке телефонында қалмайды.

Жүйе келесі сеансты еске салама?

Иә, әр процедураға аралық белгіленеді және хабарлама WhatsApp арқылы автоматты жіберіледі.

Сұлулық салонына жарай ма?

Иә, егер сізге жазу, абонементтер, қойма және еске салулар қажет болса.

Енгізу қанша уақыт алады?

Әдетте 1–3 күн: базаны көшіру, қызметтер мен курстарды баптау, әкімшілерді оқыту.

Сондай-ақ қараңыз

Тарифы · Кейсы клиник · Блог · О компании